"Мені сыйлайтының рас болса, ал қанекей мен үшін алып қой!".
Қарап отқанша айта отырайын өткенде ел ағасы жасқа келген ізгі кісілермен бірге дастархандас болдым. Арасында намазға бастай алмай кібіртіктеп жүрген бір арыстай азамат бар екен. Мен одан
- Абай, "саналыға иман парыз, имандыға ғибадат парыз" деген неге намаз оқымайсыз? дедім. Ол:
- Е, молдеке несін сұрайсың, кластас достарым көп олардың ешбірі намаз оқымайды. Сол достарыммен кездескенде олар "алып қой мен үшін" дегенде мен қия алмай ішіп қоямын. Содан қорқамын" деді. Мен:
- Сол да сөз болып па, оның жолы оңай.
- Қалай?
- Сіз оған сол кезде былай деңіз: "Бауырым, досым. Мен сен үшін қырық жол бойы алып келемін. Сенің айтақыныңды екі етпей келемін. Енді сен де менің досым екенің рас болса біррет айтқанымды істе. Мен үшін ал қане осы арақтан алып қойма, намазға жығыл" деңіз.
- Е, оған көнбейді ғой ренжиді
- Олай болса оның да жолы оңай. Сіз қырық жыл сол үшін күнәға кіргенде ол сіз үшін бір рет сауап жасай алмаса, сіз ол үшін қырық жыл тұрғанда, ол сіз үшін бір рет тұрмаса, намазға тұрмаса онда ондай "достың" сізге керегі қанша? Дос деген достың айтқанын істейд, берген сертінде тұрады, жарты жолда тастамайды дедім.
Әлгі кісі сасып қалып:
- Екі үш жылда балам үйленеді, сонда құдалар іш деп қалса ұят болады деді. Мен оған:
- Сол құдаларыңызды сіз танымайсыз, ал солар намаз оқитын қажы болып шықса ше? "Сорың құрысын құда ішкіш екен ғой" демей ме? Оның үстіне сіз екі жастың бақытты болуын қалайсыз ба?
- Иә, қай ата ана қаламайды.
- қолына арақ ұстап дұға еткен ата ананың дұғасы қабыл болмайды қайта екі жастың бақытсыздығына себеп те болады. теріс бата болады сіз соны ойладыңыз ба? дедім. Ол үнсіз көпке дейін үнсіз қалды.
Жұрт тарасып жатқанда ол маған жақын келіп: "Молдеке! Құбыла қай жақта?" деді... Уәссәләм